Азамат Әбілдаев депутаттық мандатынан айырылды

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевқа байланысты жеке шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Азамат Әбілдаев депутаттық мандатынан айырылды Фото: stan.kz

Орталық сайлау комиссиясы оның депутаттық мандатын тоқтатты. 

"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі Ұлттық Кеңесінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №1 қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азамат Рахатұлы Әбілдаевтың өкілеттіктерінің күші жойылды деп танылсын", – деп жазылған ресми құжатта. 

Еске сала кетсек, 2023 жылы 19 қаңтарда "Ақ жол" демократиялық партиясы ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Жиында Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевтің журналиске берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді. Ұлттық кеңес Азамат Әбілдаевті "Ақ жол" демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылдады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу