Азамат Батырқожа ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі қызметінен босатылды

813

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы inbusiness.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Азамат Батырқожа ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі қызметінен босатылды

Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Ф. Дзержинский атындағы әскери академияны және "Тұран-Астана" университетін тәмамдаған.  

Еңбек жолын 1995 жылы жеке компаниядағы қауіпсіздік бөлімінің арнайы технигі болып бастаған. 

1997-1999 жж. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде жұмыс істеді. Түрлі жылдары жеке компанияларда және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды. 

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап қазірге дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу