Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанды

762

Азамат Дәулетбеков Ұлан-Батырда еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанды

Шығысқазақстандық Азамат Дәулетбеков 86 келіге дейінгі салмақта финалда үндістандық Дипак Пуниямен кілемге шықты.

Д.Пуния – әлем, Азия біріншіліктерінде әлденеше рет олжалы болған азулы балуан.

Соған қарамастан, Азамат қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Бұл – еркін күрестен Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы алғашқы алтыны.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұрқожа Қайпановтың Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу