Азамат Дәулетбеков күрес түрлерінен әлемдік іріктеу турнирін сәтті бастады

773

Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен әлемдік іріктеу турнирі басталды.

Азамат Дәулетбеков күрес түрлерінен әлемдік іріктеу турнирін сәтті бастады

Жарыстың бірінші күнінде бозкілемге еркін күрес балуандары шықты. Қазақстан сапынан Азамат Дәулетбеков жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Ол Венесуэла өкілін жеңіп, жарыстың екінші айналымына өтті. 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол Фуентес Кебаллосты ұтты. Оның екінші айналымдағы қарсыласы германиялық Ахмет Дударов болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу