Азамат Есқараев заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заң жобасына түсінік берді

580

Бүгінгі таңда заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселесі ел басшылығының ерекше бақылауында. 

Азамат Есқараев заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заң жобасына түсінік берді Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Министр аталмыш заң жобасын Мәжіліс депутаттары әзірлегенін еске салды.

"Құжаттың негізгі мақсаты – Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою. Заңға жеке және заңды тұлғалардың шектеулі тобы жатады деп болжанып отыр. Активтерді қайтару жөніндегі шаралар тізбесі заңда белгіленетін жоғарыда аталған субъектілермен үлестес тұлғаларға қолданылатын болады", - деп түсіндірді Азамат Есқараев.

Заң ірі сыбайлас жемқорлыққа (grand corruption) және республикалық және жергілікті деңгейлердегі әкімшілік-билік ресурстары субъектілерімен біріктірілген олигополиялық топтарға қарсы пәрменді шаралар енгізеді, деп жалғастырды ведомство басшысы.

Әділет министрі заң жобасында активтерді қайтарудың ерікті және мәжбүрлі тәртібі көзделгенін атап өтті.

Айта кету керек, заңсыз активтер бойынша заң жобасы 15 маусымда Сенаттың қарауына енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу