Азамат Есқараев Женевадағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының басшысымен кездесті

371

ҚР Әділет министрі Қазақстан зияткерлік меншік құқығын қорғауға зор мән беретінін атап өтті.  

Азамат Есқараев Женевадағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының басшысымен кездесті Фото: Әділет министрлігі

Женевада ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Дарен Танг мырзамен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кездесу барысында Азамат Есқараев Қазақстан зияткерлік меншік құқығын қорғауға зор мән беретінін атап өтті.

"Біздің еліміз Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жаһандық зияткерлік меншікті басқарудағы жетекші әрі үйлестіруші ретіндегі рөлін барынша қолдайды және екі тарап арасындағы жоғары деңгейдегі практикалық ынтымақтастықты ұдайы тереңдетуге дайын. Қазақстан патенттерді, тауар таңбаларын және өнеркәсіптік үлгілерді тіркеудің ұлттық жүйесін жақсарту бойынша белсенді жұмыс істеуде. Мәселен, өткен жылы біздің елімізде зияткерлік меншік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған заң қабылданды. Қазіргі уақытта күн тәртібінде Қазақстанның Марракеш шартына және Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық тіркеу туралы Гаага келісіміне қосылуы мәселелері тұр. Бұдан басқа, республикада зияткерлік меншік саласын одан әрі дамыту бойынша нақты қадамдармен үш жылдық кезеңге арналған Жол картасы бекітілді", - деп атап өтті Әділет министрі.

Өз кезегінде Дарен Танг Қазақстан қарқынды дамып келе жатқанын және ДЗМҰ елде жүзеге асырылып жатқан жобаларды қолдауға дайын екенін атап өтті. Ол сондай-ақ ДЗМҰ-ның Қазақстан Республикасымен ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтіп, ұйым Қазақстанның әлеуетін нығайтуға көмек көрсетуді жалғастыратынына сендірді.ә

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу