Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды

1422

Ол енді Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" Акционерлік қоғамының президенті қызметін атқарады.

Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды Фото: Ғ. Мүсірепов атындағы театр

Киностудия ұжымына жаңа басшыны Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Министр "Қазақфильм" киностудиясының жұмысын үйлестіру абыройлы әрі жауапты міндет екенін айтты.

"Отандық киноөнерінің "қара шаңырағы" саналатын Қазақфильм ауқымды және күрделі өндірістік ұйым. Былтыр киностудия жанынан "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі құрылды. Мемлекет басшысының киностудия жұмысын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында 87 техникалық жабдық сатып алынды. Алдағы уақытта, модернизацияның 2 кезеңін бастау керек", деді Асхат Оралов.

Асхат Оралов министрлік 2030 жылға қарай жалпы кинопрокаттағы отандық фильмдердің, оның ішінде анимациялық фильмдердің үлесін 35% - ға дейін ұлғайтуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл ретте прокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесін 30% - ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Министр киностудияның жаңа басшысы мен ұжымына сәттілік тілеп, табысты жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

Азамат Сатыбалды ұзақ уақыт М.Әуэзов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті, Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын 3 жыл бойы басқарды.

Бүгінгі күнге дейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарып келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу