Азамат Сатыбалдының "Қазақфильмнен" кететіні рас па?

291

Әлеуметтік желіде Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалдының қызметінен кететіні жөнінде ақпарат тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Азамат Сатыбалдының "Қазақфильмнен" кететіні рас па? Фото: instagram парақша

Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" АҚ басшылығына тура бір жыл бұрын – 2023 жылғы шілденің соңында келген. Ол бұған дейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болған.

Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының президенті Азамат Сатыбалдының жұмыстан босатылуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды", - делінген ведомство жауабында.

Еске сала кетсек, "Қазақфильм" АҚ қызметкерлері киностудия алдында жиналып, басшылықтың шығуын талап етті. Анимация бөлімінің мамандары бір жыл бойы жалақы алмағанын айтып, шағымданған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу