Президент халыққа өз пікірін парламент арқылы білдіре алатындай жағдай жасау саясатын мақсатты түрде жүргізіп келеді. Бұл туралы Сенат депутаты Михаил Бортник парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.
"Мемлекет басшысы ұсынған Конституцияға өзгеріс енгізу жөніндегі заң жобасы өзгеріс жарияланған сәттен бастап жүргізілген және осы талқылаудағы қорытынды нүкте – бір айлық жұмыстың нәтижесі. Біз президенттің меншік мәселелеріне қатысты және президент өкілеттіктерінің бір бөлігін парламентке беруге қатысты пікірін естідік", – дейді Михаил Бортник.
Оның айтуынша, президент демократия құру және халық өз пікірін парламент арқылы білдіре алатындай жағдай жасау саясатын мақсатты түрде жүргізіп келеді.
Михаил Бортник атқарушы биліктің өз міндеттерін орындауы және атқаруы парламенттің және халықтың да бақылауында болатынын айтады.