Азаматтар өзінің әлеуметтік мәртебесін Egov порталында тексере алады

1376

Азаматтар өзінің әлеуметтік мәртебесін Egov порталында тексере алады

Азаматтар міндетті медициналық сақтандыру шеңберіндегі өзінің әлеуметтік мәртебесін енді Egov порталында тексере алады, деп хабарлайды nitec.kz.

Ол үшін өзінің ЖСН-ін көрсету жеткілікті. Қызмет көрсету аясында сұрау салушыға "Жалдамалы жұмысшы", "Әлеуметтік төлем алушы", "18 жасқа дейінгі балалар", "Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген" әлеуметтік мәртебелерінің біреуі көрсетілген хабарлама жіберіледі, егер азамат ЖК немесе жұмысшы ретінде тіркелмеген болса, "Анықталмаған статус" деген хабарлама шығады. Сонымен қатар, әлеуметтік мәртебені анықтау кезінде, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды өткізетін тұлға туралы ақпарат шығады. Осылай, мәртебесі "Әлеуметтік төлем алушы", "18 жасқа дейінгі балалар" ретінде анықталған тұлғалар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды мемлекет өткізетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу