Азаматтар тіркеу орнын ауыстырған кезде автоматты түрде əскери есепке қойылады

530

Бүгінде Қорғаныс және Цифрлық даму министрлігі тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.  

Азаматтар тіркеу орнын ауыстырған кезде автоматты түрде əскери есепке қойылады Фото: liter.kz

Қазақстанда тұрғындар тіркеу орнын ауыстырғанда автоматты түрде əскери есепке қойылатын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылды.

Хатта жергілікті əскери басқару органдарын жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау есебінен азаматтарды əскери есепке қою жəне одан шығару жөніндегі мемлекеттік қызмет Қазақстан ішінде орын ауыстыру кезінде цифрлық форматта көрсетілетіні жазылған.

"Әскери есепке алу орны туралы мəліметтер пайдаланушының жеке кабинетінде көрсетіледі. Бүгінде Қорғаныс министрлігі Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігімен бірлесіп, азаматтар тіркеу орнын ауыстырған кезде автоматты түрде əскери есепке қоюды іске асыру жəне осы көрсетілетін қызметті Мемлекеттік қызметтер тізілімінен алу бойынша іс-шаралар қабылдап жатыр", - деп жазылған Үкімет басшысының жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу