"2021 жылғы наурыздан бастап агенттік барлық микроқаржы ұйымдарын (бұдан әрі – МҚҰ) микрокредиттер беру кезінде клиенттің шынайылығын нақты тексеруді және растауды, оның деректерін өтінімде көрсетілген деректермен салыстыруды, клиенттің нақты биометриялық деректерінің жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ клиенттің микрокредит алуға білдірген еркін тіркеуге міндеттеді", - деді ол.
Оның айтуынша, енді микрокредитті қашықтан алу үшін қарыз алушыны мына үш тәсілдің бірімен идентификациялау жүргізіледі:
1) электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы;
2) Ұлттық банктің Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орталығы Идентификаттау деректерін алмасу орталығы сервисін пайдалана отырып қарыз алушының биометриялық өлшемдеріне сәйкестігі;
3) қарыз алушының жеке деректерін және бейнесін нақты уақыт режимінде екі факторлы тексеру арқылы.
"Бүгінгі таңда Ұлттық банктің Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орталығы Идентификациялау деректерін алмасу орталығы жүйесіне микрокредиттерді электрондық тәсілмен беруді жүзеге асыратын барлық МҚҰ қосылған.
"Азаматтардың құқықтарын жалған кредиттерден қорғау мақсатында Агенттік МҚҰ үшін алаяқтық микрокредит бойынша сыйақы есептеуді тоқтата тұру және талап-арыз жұмысын тоқтату бойынша талаптар енгізді. Қарыз алушылар ресімделген жалған микрокредиттер бойынша олардың берешегін сот шешімінің негізінде есептен шығару бойынша МҚҰ-ға қойылатын талап нормативтік түрде белгіленді", - деді Нұрлан Әбдірахманов.