Азаматтар жолдың сапасы нашар екенін айтып, жиі шағымданады – Мемлекет басшысы

Елордадағы көлік-логистика инфрақұрылымын одан әрі дамыту әрқашан маңызды саналып отыр.  

Азаматтар жолдың сапасы нашар екенін айтып, жиі шағымданады – Мемлекет басшысы Фото: Astanatv

Ел Президентінің пікірінше, келеңсіз жайттың бәрі Астананың абырой-беделіне нұқсан келтіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі кеңесте қаладағы қоғамдық көліктердің санын көбейту қажеттігіне де тоқталды. 

– Көлік-логистика инфрақұрылымын одан әрі дамыту маңызды. Қалада сапалы және қолайлы инфрақұрылым болуға тиіс.

Биыл Астананың көлік жүйесін дамытудың 2035 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы қабылданды. Бұл құжаттағы іс-шараларды дер кезінде жүзеге асыру керек.

Қаладағы көлік инфрақұрылымына назар аудару керек. Азаматтар жолдың сапасы нашар екенін айтып, жиі шағымданады. Қоғамдық көліктердің қызметіне қатысты мәселелер де бар.

Қоғамдық көліктер ең алдымен тұрғындарға ыңғайлы болуы керек және уақтылы жүруі тиіс. Жеке көліктен гөрі автобуспен жүрудің тиімді болғаны жақсы. Сондықтан қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу