Азаматтардан газбен жабдықтауға қатысты көптеген арыз-шағым түсіп жатыр – Бектенов

190

Тиісті мекемелер бірінші кезекте халыққа сапалы қызмет көрсетуге жұмылдырылуы қажет. 

Азаматтардан газбен жабдықтауға қатысты көптеген арыз-шағым түсіп жатыр – Бектенов Фото: Үкімет

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Үкіметке азаматтардан газбен жабдықтау мәселесіне қатысты көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде. Тиісті мекемелер бірінші кезекте халыққа сапалы қызмет көрсетуге жұмылдырылуы қажет. Туындаған проблемаларды дереу шешу керек. Алматы өңірінің газға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін "Алматы-Байсерке-Талғар" газ құбырының екінші желісінің жобасы іске асырылуда. Алайда, газ құбырының қорғау аймағында жекеменшік құрылыстардың болуына байланысты жерлерді алу қажеттігі туындап отыр", - деді Үкімет басшысы.

Бектенов Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдіктеріне бұл жұмысты жедел жүргізуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу