Азаматтардан түскен өтініштердің 71 пайызы банк секторына қатысты – агенттік

472

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне 2022 жылдың басынан бері азаматтардан шамамен 18,9 мың өтініш келіп түскен.

Азаматтардан түскен өтініштердің 71 пайызы банк секторына қатысты – агенттік

Оның 71%-ы – банк секторына қатысты, ал микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі бойынша – 10%, сақтандыру нарығы субъектілері бойынша – 2%, коллекторлық агенттіктерге – 2%, өзге де ұйымдарға қатыстысы қаралған өтініштердің жалпы санының 15%-ды құрайды.

Айта кетсек, былтыр агенттікке шамамен 21,8 мың өтініш келіп түскен, барлық өтініштердің 72,5%-ы банк секторына тиесілі.

Қаржылық қызметтер көрсету мәселелері бойынша консультациялар беру және құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ проблемалық қарыздар бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында агенттік былтыр 722 сот отырысына қатысыпты. Ал биылғы жылдың басынан бері 433 сот отырысына қатысқан.

"Шешімдердің 80%-дан астамы қарыз алушылардың пайдасына шығарылды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу