Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай ұлттық күні бекітілуі мүмкін

1160

Бұл бастама жақын күндері мемлекет басшысының қарауына жіберіледі.

Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай ұлттық күні бекітілуі мүмкін

Елімізде азаматтарды қабылдаудың бірыңғай ұлттық күні бекітілуі мүмкін. Әзірге ол 22 шілдеге белгіленіп отыр. Бұл жөнінде Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Сұхбат барысында Аида Балаева ел тұрғындары көбіне әлеуметтік проблемалардың шешілмеуі, баспана алудағы қиындықтар, сот шешіміне наразылық және құқық қорғау органдары салғырттығына қатысты мәселелерді жиі көтеретінін атап өтті.

"Қолда бар мәліметтер бойынша бүгін 8 мың адам қабылданды. Әсіресе, Алматы және Жамбыл облыстарында белсенділік жоғары. Бұған қоса, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары да алдыңғы қатарда",– дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу