Қалалық әкімдіктің жұмыспен қамту орталығы өз жұмысында Facebook, Твиттер, Инстаграм және ВКонтакте желілерін пайдалануда, бұл желілерге 3 мыңнан аса жұмыссыз адам жазылған, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басшысының орынбасары Сәуле Нұргожина айтты. Оның сөзінше, өткен жылы енгізілген "CZ Astana" мобильдік қосымшасына 5000-нан астам адам жүктелген. Мобильдік қосымшалар мен әлеуметтік желілердің арқасында пайдаланушылар еңбек нарығындағы бос орындар туралы біледі, кәсіби біліктілігін тексеру тестінен өтеді, түйіндемені дұрыс толтыруды үйренеді, сұхбаттасқанда жауап беруге машықтанады, жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерімен таныса алады. Сондай-ақ, ондажоспарланған іс-шаралар, курстар, бос орындар жәрмеңкесі, шеберлік сыныптар тізімі бар.