Әлібек Ибатоллаұлы: Қай азамат болмасын, қосымша жұмыс орнын қарастырып жүруді дағдылануға тиіс

1086

Әлібек Ибатоллаұлы: Қай азамат болмасын, қосымша жұмыс орнын қарастырып жүруді дағдылануға тиіс

Азаматтарды жұмыстан қысқарту көрсеткіші бойынша Атырау төрт өңірдің қатарында тұр. Оған жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы келісімшарттың қысқа мерзімге жасалуы себеп болып отыр. Бұл орайда, облыс әкімінің орынбасары Әлібек Ибатоллаұлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды atr.kz.

"Жұмысқа қабылдау кезінде келісімшарт мәңгілік жасалмайды. Ол белгілі бір мерзімге лайықталады. "Мен өзімді жұмысқа алған мекемеде зейнет жасына жеткенше еңбек етуім тиіс" деген қасаң қағида қазір орынсыз. Демек, қоғам ескі түсініктен арылуы қажет. Осыны қалың бұқараға түсіндірген жөн. Бүгінгі еңбек нарығында қозғалмалы жұмыс кестесі қалыптасқан. Олай болса, әр қызметкер жұмыс жасай жүріп, басқа жұмысқа ауысуға да психологиялық тұрғыда дайын болуы керек. Себебі, ол ағымдағы жұмыс орнына бүгін қажет болғанымен, ертең керек болмай қалуы әбден мүмкін. Қоғам құбылып отырады, бір орында тұрмайды. Сондықтан қай азамат болмасын, екінші мамандықты қатар алып, қосымша жұмыс орнын қарастырып жүруге дағдылануы тиіс", — дейді ол.

Осыдан кейін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Балдай Өтеғалиева осы бағыттағы кейбір көрсеткіштерге тоқталып өтті. Айтуынша, аймақта "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасымен 8311 адамды қамту жоспарланып, 2,156 млрд теңге бөлініпті. Биыл аталмыш бағдарламамен 18073 адам қамтылып, жоспарланған қаражат толығымен игерілген. Ал, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде 1677 адам тұрақты жұмыс тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу