Азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасы түсіндірілді

2021

Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.

Азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасы түсіндірілді

ҚР Қаржы министрлігі еліміздің несиелері, салық қарыздары мен коммуналдық төлемдерден қарыздары ең жоғары және көп шоғырланған облыс орталықтарында банкроттығы туралы заң жобасына байланысты түсіндіру жұмыстарын бастады.

2022 жылғы 15 тамызда Өскемен қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің конференциясы өтті, оның шеңберінде "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заң жобасының (Заң жобасы) мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында спикерлер бүгінгі таңда Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан заң жобасының негізгі ережелерін түсіндірді.

Олар, сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, 3 түрлі рәсімдерді енгізуді қарастыратынын атап өтті.

Бірінші рәсім. Соттан тыс банкроттық, оны азаматтар келесі жағдайларда қолдана алады:

- Банктер, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлар алдындағы борыш, борыш сомасы 4,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспауы тиіс;

- Ресми табыс жоқ немесе табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспаса (оның ішінде асырауындағы адамдар (отбасы мүшелері) да қоса есептеледі, ол адам басына 36 018 теңгені құрайды.

Бұл ретте борышкердің мүлкі болмауға тиіс және банкпен борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізу қажет.

Соттан тыс банкроттықты тек банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.

Екінші рәсім. Сот банкроттығын азаматтар 4,9 млн теңгеден астам қарыздар бойынша және борыштың қалған түрлері бойынша қолдана алады.

Осы рәсім барысында борышкердің мүлкі болған жағдайда, ол сауда-саттықта өткізілуге жатады.

Түскен қаражат белгіленген кезектілікке сәйкес кредиторлар алдындағы борыштарды өтеуге жіберіледі.

Үшінші рәсім. Бұл тұрақты табыс болған жағдайда, сотта қарыздарды төлеуге (5 жылға дейін) бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі. Ол үшін екі тараптың (борышкер мен кредитордың) келісімі қажет.

Сондай-ақ министрліктің өкілдері банкроттықтан кейінгі салдары туралы айтты:

1) Жобада 5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға шектеу көзделген;

2) Азаматтар банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдана алады;

3) Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделген

Сондай-ақ жобада азаматтардың банкрот деп танылған күннен бастап бір жыл ішінде қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан міндетті түрде өтуі көзделген.

Іс-шара соңында лекторлар конференция қатысушыларының барлық сұрақтарына жауап берді. Азаматтардың ұсыныстары заң жобасына байланысты Мәжілістегі алдағы талқылау барысында қарастырылады.

Сонымен қатар осы аптаның соңына дейін осындай іс-шара Қарағанды (16 тамыз), Алматы (17 тамыз), Талдықорған (18 тамыз), Түркістан (19 тамыз) қалаларында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу