Азаматтардың дербес деректерін таратқандарға қатысты жаза күшейтілмек

537

Азаматтардың дербес деректерін немесе елімізде шектеу қойылған электрондық ақпараттық ресурстарды мәліметтерін тартқандарға жаза күшейеді.  

Азаматтардың дербес деректерін таратқандарға қатысты жаза күшейтілмек Фото: gov.kz

Бұл туралы ашық талқыға шығарылған "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заң жобасында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе иеленушісі қолжетімділікті шектеген өзге де мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға дейінгі мерзімге айырумен жазаланады. Сонымен бірге 400 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Бұған қоса, 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады", - деп көрсетілген құжатта.

Қолданыстағы заңда мұндай қылмыстар үшін қандай да бір қызметпен айналысу құқығына 3 жылға дейін шектеу қойылады немесе 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Сондай-ақ, кінәлі 180 сағатқа түзеу жұмыстарына тартылады не болмаса 50 тәулікке дейін қамауға алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу