Азаматтардың мобильдік аударымдарына салық салына ма?

1033

Мобильдік аударым арқылы төлем қабылдап, салықтан жалтарып отырған кәсіпкерлермен қаржы министрі қалай күреспекші?   

Азаматтардың мобильдік аударымдарына салық салына ма?

Ерұлан Жамаубаев жаңа заң жобасын әзірлеп, Парламентке ұсынып үлгеріпті, деп хабарлайды Atameken Business.

Оған сәйкес, бизнесмендерге жеке пайдалануы үшін бөлек, ал кәсіпкерлігін жүргізу үшін бөлек шот ашу міндеттелмек. Осылайша, олардың табысын көлеңкеден шығару көзделген. Алайда бұл бастама жеке тұлғалардың, яғни сіз бен біздің  күнделікті мобильді аударымдарымдарымызға әсер етпейді деді Жамаубаев. Осы және өзге де мәселелер Үкімет қабырғасында өткен баспасөз брифингінде сөз болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу