Азаматтардың түрлі салаға қатысты арыз-шағымдары көбейген

557

Астанада арнайы мандаты бар омбудсмендердің қызметін таныстыру мақсатында өткен жиында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова азаматтар тарапынан өз атына түсетін арыз-шағымдар санының артқанын айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

 Азаматтардың түрлі салаға қатысты арыз-шағымдары көбейген Фото: baq.kz

Оның айтуынша шағымдардың көпшілігі еңбек және көші-қон жағдайларына, жабық мекемелерде ұстау және медициналық қамтамасыз ету жағдайларына және т. б.байланысты.

"Биыл менің атыма әртүрлі бағыттағы 3,5 мыңнан астам өтініш келіп түсті бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2 есеге (1855 шағым) және 2020 жылға қарағанда 3 есе көп  (1201 шағым). Бұл тұрғыда әріптестермен күш-жігерді біріктіру маңызды рөл атқарады. Біздің бәріміздің атқарып жүргеніміз бір іс – ол азаматтарымызға олардың құқықтарын қалпына келтіруге және қорғауға көмектесу", - дейді Эльвира Әзімова.

Биыл сондай-ақ. Қазақстандық ұлттық құқық қорғаушы мекемесінің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адам құқықтарын сақтаудың халықаралық және конституциялық кепілдіктерін ілгерілетуде үкіметтік емес секторлардың маңызды рөлін атап өтті және олардың қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Аталған іс-шарада Қазақстанда адам құқықтарын ілгерілету және қорғау ісіне үлес қосқан ҮЕҰ өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу