"Азаматтарға арналаған үкімет" ХҚКО-лар алдындағы кезектің себебін түсіндірді

872

Оған себеп – жекелеген ақпараттық жүйелердің істен шығуы. Бұл туралы "Азаматтарға арналаған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабаралады. 

"Азаматтарға арналаған үкімет" ХҚКО-лар алдындағы кезектің себебін түсіндірді

"Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты ақпараттық жүйелер істен шығып, дұрыс жұмыс істемей жатыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта ХҚКО, АвтоХҚКО-ларда халық көп жиналып, кезек күтіп қалды. Қазіргі кезде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жүйелерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деп жазылған хабарламада. 

Бұл ретте мемлекеттік корпорация келушілерден келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, халықтың кезекте тұрып қалмауы үшін мүмкіндігінше қызметтерді онлайн алуға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу