"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды - ҚМА

803

Қаржы мониторингі агенттігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр деген ақпаратты растады, деп хабарлайды inbusiness.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.  

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды - ҚМА Фото: ortcom.kz

Ведомствода атап өткендей, ешкім ұсталған жоқ.

"Бюджет қаражатын жымқыру" (ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 24-бабына сәйкес қаржы мониторингі органдары істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін заңда көзделген барлық шараларды қолданады

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.

"Егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, олар прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Наурыз айының ортасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің басшысы Сүйеніш Әбділдиннің жұмыс орнындағы тінту туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Сондай-ақ БАҚ-та Үкімет аппаратының басшысы Қуандық Қуатовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады, оны Азаматтарға арналған үкімет те жоққа шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу