"Азаматтарға арналған үкіметке" жаңа басшы келді

951

Сүйеніш Әбділдин "Азаматтарға арналған үкіметтің" басшысы болып тағайындалды.

"Азаматтарға арналған үкіметке" жаңа басшы келді

Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ұжымына Басқарманың жаңа төрағасын таныстырды. Оған дейін Сүйеніш Әбділдин Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 

Сүйеніш Төлеуханұлы Әбділдин 2011 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша, 2014 жылы Ұлыбританиядағы Бирмингем университетін тәмамдаған. "Компьютерлік ғылымдар" мамандығы бойынша магистр.

Еңбек жолын 2011 жылдың қазан айында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да жетекші маман болып бастады. 2012-2013 жылдары "ЭПАМ Қазақстан" ЖШС-да бизнес-талдаушы қызметін атқарған. 2014 жылдан 2018 жылға дейін "Қазпочта" АҚ-да бірнеше лауазымда, одан кейін коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді. 2020 жылы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде кеңесші қызметін атқарды.

2020 жылдың қазан айынан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Мұнда ол фронт-офистерді үйлестіру, сапаны бақылау, бірыңғай байланыс орталығы және мемлекеттік корпорацияның IT саласына жетекшілік етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу