Азаматтарға қосымша медициналық қызмет алуға мүмкіндік беріледі

1162

Келесі аптада емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемін алуға өтініш қабылдайтын портал іске қосылады.  

Азаматтарға қосымша медициналық қызмет алуға мүмкіндік беріледі

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Отбасы банк" АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлады  inbusiness.kz тілшісі.

"Бүгін емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану ережесі

күшіне енеді. Портал 2021 жылғы 25 - ақпанда іске қосылады", – деді Ләззат Ибрагимова.

Өз кезегінде денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмек ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева біржолғы зейнетақы төлемін емделуге пайдалану ҚР азаматтарына қосымша медициналық қызмет алуға мүмкіндік беретінін айтты. 

"Бұл үшін азамат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсы немесе электронды үкіметтің веб-порталы арқылы біржолғы зейнетақы төлемінің қолжетімді көрсеткішін анықтауға тиіс. Егер қордағы қаржы жеткілікті болса, онда азамат тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініп, дәрігерлік комиссиядан біржолғы зейнетақы төлемі есебінен емделуге жіберу туралы қорытынды алуы керек", – деді департамент директорының орынбасары.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу