Азаматтарға жеке деректерінің тарап кеткені туралы ескерту хабарлама жіберілетін болады

719

Хабарлама eGov мобильді қосымшасындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Азаматтарға жеке деректерінің тарап кеткені туралы ескерту хабарлама жіберілетін болады

"Жыл сайын Қазақстанда мыңнан астам ақпараттық жүйе хакерлердің шабуылына ұшырайды, оның ішінде мемлекеттік органдар да бар. Енді eGov мобильді қосымшасы арқылы хакерлер мен алаяқтардың қолында қандай деректер бар екенін бақылауға болады", – деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ. 

Бұл бастаманы қазір Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы "Зерде" холдингімен бірлесіп әзірлеуде.

АҚ мәліметінше, сайттарда жеке деректерді заңсыз жинау және сыртқа шығару фактілері анықталған жағдайда eGov мобильді қосымшасындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі.

Жоба 2022 жылдың соңында іске қосылады деп күтілуде.

"Қазақстандықтар хакерлерлік топтар, алаяқтар немесе олардың бәсекелестері жеке деректерді қаншалықты арам пиғылмен пайдалана алатынын түсінбейді. Біздің мақсатымыз – пайдаланушыларды мүмкіндігінше қорғау үшін eGov мобильді қосымшасы арқылы олардың құпия сөздері мен деректерінің таралып кеткені туралы хабардар ету және ескерту, алға қойылған міндетті бірлесіп шешу керек", – деді "ҰАТ" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ "электрондық үкіметтің" инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесі операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу