Қайта бұл экономикалық және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Сондықтан осы мәселені Заңсыз активтерді қайтарумен айналысып жүрген комиссия назарға алуы тиіс деп есептейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазіргі доллар бағамымен есептесек, 30 жылда 87 трлн теңге сыртқа әкетілген. Егер комиссиясының бір жылда 1 трлн теңге қайтарғанын еске алсақ, Қазақстанға оны толық қайтару үшін әлі 86 жыл қажет. Сондай-ақ экономист әкелінген қаражатты қайда жұмсау қажеттігін Үкімет бір өзі шешпей, Парламентпен ақылдасып, мақұлдауын алу керектігін жеткізді. Бұл халық сенімін арттырады. Әрі қосымша сұрақтар туындамас үшін комиссия "анықталған", "бұғатталған" және "қайтарылған" активтер деп бөліп қарастыруды ұсынды.