"Азаматтығынан айырылған" шымкенттік шенеунік қызметіне кірісті

1427

Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов жұмысына кірісті. Бұл мәліметті басқарманың баспасөз хатшысы растады.  

"Азаматтығынан айырылған" шымкенттік шенеунік қызметіне кірісті

Еске салсақ, бұған дейін Олег Почиваловтың қос азаматтығы болғаны және ол Қазақстан азаматтығынан айырылғаны туралы жазған болатынбыз. Яғни, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Әли Көмекбаев шенеуніктің Қазақстан азаматтығынан айырылғаны туралы ақпарат қалалық Полиция департаментінен келіп түскенін мәлімдеді. Бірақ Олег Почивалов  Полиция департаментінің үстінен сотқа шағымданғанын алға тартып, оның қызметтен босатылуы немесе босатылмауы тек сот шешімінен соң белгілі болатынын айтты. Ал сот шешімі шыққанға дейін шенеунік  мемлекеттік қызметкер болып табылады. Бұдан өзге Әли Көмекбаев шенеунік ақысыз еңбек демалысында екенін жеткізген болатын. Ал бүгін спорт басқармасы басшысының жұмысына қайта кіріскені белгілі болды. 
Еске салсақ, Шымкент қаласы Полиция департаментіндегілер Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне Олег Почиваловтың Ресей Федерациясының азаматы болып табылатыны туралы ақпарат алынғандықтан оның Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылғаны туралы мәліметті ұсынған. Көші-қон басқармасындағылардан біз де ресми жауап алған болатынбыз. 
"Көші-қон басқармасының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізу барысында 1974 жылы ьуылған азамат Олег Почивалов Владимировичке ҚР Азаматтық туралы Заңның 21-бабының 5- тармағының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру жайты тіркелді", - деді Шымкент қалалық ПД көші-қон басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Нысанбаева.  
Ал кейінірек шенеунік Почиваловтың баспасөз хатшысы басшысының мәлімдемесін жеткізді. 
"Кейбір қоғам белсенділері мені қос елдің азаматы деген мәлімет таратып жатқанынан біраздан бері хабардармын. Бірақ тағы ресми түрде мәлімдеймін, мен тек Қазақстан Республикасының азаматы болып табыламын. 
Менің екіжақты азаматтығым туралы мәліметті ұсынған Шымкент қаласының Полиция департаментіне қатысты мен 2021 жылдың 22 қаңтарында сотқа арыз жолдадым. Арыз қабылданып, азаматтық іс қозғалды. Мен өзімнің абыройым мен құқығымды  қорғайтын боламын" делінген мәлімдемеде.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу