Азаматтық авиация: 2025 жылға дейін кадрларға қосымша қажеттілік артуы мүмкін

516

Қазіргі уақытта салада 20 мыңға жуық адам жұмыс істейді. 

Азаматтық авиация: 2025 жылға дейін кадрларға қосымша қажеттілік артуы мүмкін Фото: Adyrna.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2025 жылға дейін кадрларға қосымша қажеттілік артып келеді, жыл сайын 500-600 маман. Республикада сала бойынша Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінде кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жалғыз жоғары оқу орны жұмыс істейді. Алайда академия түлектері ИКАО стандарттарына және мамандар дайындау саласындағы басқа да халықаралық талаптарға сәйкес келмеу себебінен сұранысқа сай емес. Сондықтан негізгі авиакәсіпорындар мамандарды өз бетінше оқытуға  мәжбүр", - деді ол.

Кадрлар тапшылығы мәселесін шешу және студенттеріміздің сұраныс деңгейін арттыру үшін ИИДМ Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, азаматтық авиация саласы үшін кадрлар даярлау жүйесін түбегейлі реформалау мәселесін пысықтауда, деп атап өтті министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу