Азаматтық авиация академиясына жаңа ректор тағайындалды

2161

Ербөлеков Тілек 2013 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін "Эйр Астана" әуекомпаниясының Boeing 757/767 әуе кемелеріне нұсқаушы ұшқыш ретінде жұмыс істеді.

Азаматтық авиация академиясына жаңа ректор тағайындалды

"Азаматтық авиация академиясы" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Ербөлеков Тілек Сансызбайұлы оқу орнының басқарма төрағасы – ректоры болып тағайындалды. Академия ұжымына жаңа басшыны Қазақстан Республикасы ИИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев таныстырды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Тілек Ербөлеков 1981 жылы Ақтөбе азаматтық авиация жоғарғы ұшу училищесін инженер-ұшқыш (әуе көлігін пайдалану) мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол "Dassault Aviation" (Франция), "Jet Tech International" (АҚШ), Flight Safety Boeing (АҚШ), "Turkish Airlines Training Center" (Түркия), British Airways Training Center (Ұлыбритания) оқу орталықтарында қосымша білім алған.

Тілек Ербөлеков өзінің қызмет жолын 1981 жылы Петропавлдағы бірлескен әуе отрядында ЯК-40 ұшағының екінші ұшқышы ретінде бастады. 1983 жылдан 1990 жылға дейін Орал бірлескен әуе отрядында L-410 ұшағының командирі болып жұмыс істеді. 1990-1995 жылдары ТУ-134 әуе кемесінің екінші ұшқышы болып жұмыс істеді. 1995-1996 жылдары Falcon-900 ұшағының ұшқыш-нұсқаушысы, командирі болды. 1997-1999 жж. "Эйр Қазақстан" әуе компаниясының Ту-134, Boeing 737-200 ұшу отряды командирінің орынбасары, командирі болып қызмет атқарды. "Боинг" ұшағының Designated Examiner – емтиханшы ұстаз ретінде біліктілігі бар. 1999 жылдан бастап 2001 жылға дейін "Эйр Қазақстан" ЖАҚ ұшулар қауіпсіздігі инспекциясы бастығының орынбасары, содан кейін бастығы қызметін атқарды. 2001 жылдан бастап 2006 жылға дейін "Эйр Астана" ЖАҚ өндірістік директоры лауазымын атқарды, Жоғары аттестаттау комиссиясының (ЖАК) мүшесі болды. 2006-2007 жылдары "Бүркіт" РМК директорының орынбасары қызметін атқарды. 2007-2013 жж. "Эйр Астана" ЖАҚ Боинг 757/767 әуе кемелерінің ұшқыш-нұсқаушысы. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің ұшуларды орында басқармасының бастығы болды. 2013 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін "Эйр Астана" әуекомпаниясының Boeing 757/767 әуе кемелеріне нұсқаушы ұшқыш ретінде жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу