Азаматтық авиация комитеті 8 сағат кешіккен "Алматы-Анталья" рейсіне қатысты түсінік берді

583

Азаматтық авиация комитеті "Алматы-Анталья" бағытындағы КС915 рейсі не себепті кешіккені жайлы түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Азаматтық авиация комитеті 8 сағат кешіккен "Алматы-Анталья" рейсіне қатысты түсінік берді

"2022 жылғы 3 тамыздағы "Алматы-Анталья" бағыты бойынша КС915 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 09:40-та Б-767 әуе кемесімен (тіркеу нөмірі P4-KEA) орындалуы жоспарланған болатын. Алайда техникалық себептерге байланысты әуе кемесі ауыстырылды. Сондықтан осы рейс 2022 жылғы 3 тамыз күні Алматы қаласы уақытымен сағат 18:00-ге дейін кешіктірілді. Кешігу уақыты 8 сағат 20 минутты құрады. 2022 жылғы 3 тамыздағы "Анталья-Алматы" бағыты бойынша КС916 рейсі әуе кемесінің кеш келуі себебінен Анталья уақыты бойынша сағат 13:40-тан 21:40-қа дейін кешіктірілді", – делінген хабарламада.

Комитет таратқан ақпаратқа сай, кешіктірілген рейстің барлық жолаушыларына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңның 86-бабына сәйкес қызмет көрсету (ана мен бала бөлмесі, салқын сусындар, тамақ, қонақ үй) қарастырылған. Авиакомпания осы талаптарды орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда, жолаушыларды еліміздің қолданыстағы заңнамасында көрсетілген шараларды қабылдау үшін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ның Тасымалдау департаментіне сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін мына телефондар +77172798215, + 77172798213, + 77172798229 немесе cc@caakz.kz электрондық поштасы арқылы шағым түсіре алады.

Әуе көлігінің негізгі басымдығы жолаушыларды тасымалдаудағы қауіпсіздік мәселесіне берілген, Егер қауіпті жағдай тасымал қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, тасымалдаушы оларды жоюы тиіс. Бұл әдетте рейстің кешігуіне ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу