"Жалпы сомасы 40 млн теңгеге жуық 14 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл салыстырмалы түрде аз сома болып көрінуі мүмкін, бірақ тасымалдаушылар үшін беделдері өте маңызды. Кейбір заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылса, бұл беделдеріне қауіп төндіреді, егер ол дәлелденсе, біз әрқашан жолаушылардың құқығын қорғаймыз", - деді Талғат Ластаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Азаматтық авиация комитетінің басшысы ұшақтардың қалай жаңартылып жатқаны туралы да айтты.
"Өткен жылы 14 жаңа батыстық ұшақ сатып алынып, техника паркі 87 ұшақты құрады. Биылғы жылдың басынан бері біздің әуе компанияларымызға 3 ұшақ келді. Біз жыл соңына дейін тағы 10 ұшақты күтеміз, ал жалпы парк 100 ұшақты құрайды. 2025 жылға дейін 29 ұшақ сатып алу жоспарлануда", - деп қосты Талғат Ластаев.