Азаматтық авиация комитеті әуежай дауына араласпайды

819

Азаматтық авиация комитеті әуежай дауына араласпайды

 

Ал Азаматтық авиация қызметі әуежай мен жеке компаниялар арасындағы дауға кіріспейді. Бүгін комитет өкілдері халықаралық рейстердің тоқтатылуына дейін барған тариф мәселесіне қатысты осындай ұстанымын білдірді. Себебі заң бойынша әуежайлар қызмет көрсету ақысын дербес бекітуге құқылы. Оған Ұлттық экономика министрлігі былтыр ресми құзыретін берген. Осының негізінде 18 қаңтардан бастап, Астана мен Алматыдағы ұшақ қону бекеттерінде, әуе компанияларға қызмет көрсету бағасы көтерілген.  Бірақ мұнымен әуе компаниялардың келіскісі жоқ.  Сондықтан кәсіпкерлер тариф бақылауын қайта министрлікке беруді сұрап отыр. Егер талаптары орындалмаса, еріксіз ұшақ билеттерін қымбаттатуы мүмкін. Ал әзірге қызметтерін ғана шектеп жатыр. Қазір елге келетін чартерлік рейстердің саны азайған. Өткен аптада Austrian airlines, KLM және Asian Airlines астанаға қатынайтын рейстерін тоқтатса, Air Arabia, LOT компаниялары да жұмысын қысқартқанын мәлімдеді.

Питер Фостер, "Air Astana" әуе компаниясының президенті:

- Тарифі туралы айтар болсам, осы мәселе бойынша өткен аптада ұйымдастырылған жиынға жеке басым қатыса алмадым. Әрине, әуежай дербес басқару құрылымы. Сондықтан ерік өзінде. Тарифтің уақыт өткен сайын өзгеретіне де заңдылық. Бірақ бағаны өсіру үшін алдымен осы жүйеге қатысушы тараптардың барлығының келісімімен алу қажет деп есептеймін. Мұнда әуе тасымалдаушы компаниялар тек өтініш жасауға ғана құқылы.       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу