Азаматтық авиация комитеті FlyArystan-ға қатысты сыни пікірлерге жауап берді

1158

Алғашқы отандық арзан әуе компаниясын құру жобасы толығымен жүзеге асты.  

Азаматтық авиация комитеті FlyArystan-ға  қатысты сыни пікірлерге жауап берді

Жуырда әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тұңғыш отандық лоукост FlyArystan әуе компаниясына қатысты сыни пікірлер айтыла бастады. Осыған байланысты азаматтық авиация комитеті FlyArystan компаниясы ұшатын бағыттардағы қызметіне статистикалық талдау жасады, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Комитет FlyArystan әуе компаниясының өз жұмысын бастағалы бері тасымалдаушы ұшатын отандық аймақтық әуежайларда (Тараз, Қарағанды, Орал, Шымкент) қызмет көрсетілген жолаушылардың саны айтарлықтай артқанына назар аудартады.

"2018 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 2019 жылдың мамырында Тараз әуежайында қызмет көрсететін жолаушылардың саны 4 есеге, Қарағанды әуежайында – 67% -ға, ал Орал әуежайында – 22% -ға артты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда маусым айында Тараз қаласының әуе көлігімен – 3,3 есе, Қарағандыда – 1,4 есе, Оралда – 29% -ға, Павлодарда – 40% -ға, сондай-ақ, Шымкент қаласы 33% -ға өскен",– делінген комитет хабарламасында.

Ведомство жоғарыдағы көрсеткіштерді келтіре келе, алғашқы отандық арзан әуе компаниясын құру жобасының толығымен жүзеге асқандығын және әуе тасымалдаушының қызметі халық тарапынан тұрақты сұранысқа ие екеніндігін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу