Азаматтық авиация комитеті "SCAT" әуекомпаниясы рейстерінің кешігуін тексеруді бастады

305

Рейс техникалық себеппен және әуе кемесін ауыстырумен 14 сағат 6 минутқа кешіккен.

Азаматтық авиация комитеті "SCAT" әуекомпаниясы рейстерінің кешігуін тексеруді бастады Фото: scat.kz

Азаматтық авиация комитеті жолаушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін "SCAT" әуекомпаниясы рейстерінің кешігуін тексеруді бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ААК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тараз-Новосибирск бағыты бойынша "SCAT" әуекомпаниясының DV – 5325 рейсінің ағымдағы жылғы 19 желтоқсандағы кешігуіне байланысты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жолаушылар құқықтарының сақталуына қатысты тексеру жұмыстарын бастады", - делінген хабарламада.

Рейс техникалық себеппен және әуе кемесін ауыстырумен 14 сағат 6 минутқа кешіккен. Әуе кемесінің бортында 214 жолаушы болды, оның ішінде 14 бала және 2 сәби.

Ұшуды күту кезінде жолаушыларға алкогольсіз сусындар мен тамақ берілді. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, қонақ үйде орналастыру қызметтері ұсынылмаған.

"Рейсті кешіктіру кезінде тиісті қызмет көрсетудің болмау фактісі анықталған жағдайда, "SCAT" әуекомпаниясын Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі no 235-V ҚРЗ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу