Азаматтық авиацияның дамуына не кедергі екені белгілі болды

441

Биыл 18 жаңа халықаралық әуе маршруты бойынша ұшақ ұша бастайды.

Азаматтық авиацияның дамуына не кедергі екені белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Нью-Йорк, Токиоға тікелей рейс. 2025 жылға дейін осы бағыттарға ұшақ қатынасы ашылмақ. Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі солай деді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Биыл 18 жаңа халықаралық әуе маршруты бойынша ұшақ ұша бастайды. Үкімет өкілдерінің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдетуге авиаотынның тапшы болуы әрі қымбаттығы кедергі болып отыр. Марат Қарабаевтың айтуынша, біздегі мұнай өңдеу зауыттары ішкі нарықты керосинмен қамтамасыз ете алмай отыр екен. Соған байланысты отандық әуежайлар транзиттік компанияларға қызмет көрсету жағынан бәсекелес бола алмайтын көрінеді. Яғни, біздің ел арқылы ұшып өтетін әуе компанияларды тартуға мүмкіндік азайып жатыр деген сөз.

"Отандық мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты авиаотынға деген қажеттілікті өтемейді. Осыған байланысты отынды Ресей Федерациясынан импорттауға тура келеді. Бұл мәселені жүйелі шешу үшін авиаотын өндірісінің жыл сайынғы көлемін ұлғайту қажет. Бұл ішкі нарықтағы тапшылықты және импортқа тәуелділікті жоюға мүмкіндік береді", - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу