"Азаматтық бақылау – чекті талап ет" акциясына қатысқандарға 4 млн теңгеден астам сыйақы төленді

1069

Акцияны белсенді пайдаланғандар – Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облысының тұрғындары. 

"Азаматтық бақылау – чекті талап ет" акциясына  қатысқандарға 4 млн теңгеден астам сыйақы төленді

"Азаматтық бақылау – чекті талап ет" жыл сайынғы акциясы 12 мамырдан бастап өткізілуде. Оның шеңберінде азаматтар фискалдық чектің берілмеуіне және банктік картаны қабылдаудан бас тартуға қатысты бұзушылықтар туралы хабарлай алады.

"Азаматтық бақылау – чекті талап ет" акциясына барлық адамдардың қатысуына болады. Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық жолданған өтінішті мемлекеттік кірістер органдарында қаралады.

App Store және Play market-тен "Wipon" мобильді қосымшасын тегін жүктеу арқылы фискалдық чектің берілмеуі және банктік картаны қабылдаудан бас тарту фактілері туралы хабарлауға және бұзушылық фактілері расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (1000 теңге) алуға болады.

Акция басталғаннан бері азаматтардың хабарламалары бойынша 4262 бұзушылық фактілері расталды, оларға 4262 млн теңге сомасында сыйақы төленді (оның ішінде қайта чек бермеген 191 кәсіпкерлерге 6,5 млн теңге айыппұл салынды).

Чек бермеу бойынша  Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Батыс Қазақстан облысы көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу