"Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет" акциясы басталды

870

Бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін бермегені туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы төленеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет" акциясы басталды

Бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін берілмегені туралы немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту туралы хабарлаған Қазақстан азаматтары арасында "Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет" акциясы өткізіле бастады.

Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-касса машинасының фискалдық түбертектерін бермеу не төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау үшін 20 қазаннан бастап "Азаматтық бақылау-Түбіртекті талап ет" акциясын қайта бастады.

Акцияға кез келген азамат қатыса алады.

"Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен "WIPON CASHBACK" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1 000 теңге) алуға болады. Кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) салып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады", – деп жазылған комитет хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу