Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметі қайта жасақталады

935

Мемлекеттік гранттардың ашық порталы ашылады.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметі қайта жасақталады

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жұмысын қайта құрылымдамақшы. Бұл туралы вице-министр Болат Тлепов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.  

"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына көп сын айтылатынын білеміз. Бірінші кезекте ол үкіметтік емес ұйымдар тарапынан айтылады. Сондықтан, биыл аталмыш ұйымның қызметін қайта форматтамақшымыз. Егер атамлыш құрылымның жұмысын жетілдіруге арналған қандай да бір ұсыныстарыңыз болса, біз талқылап, назарға алуға дайынбыз",- деген министрлік өкілі аталмыш бастамаларды қаржыландыру шарасын мейлінше ашық ету үшін арнайы портал жасалып жатқанын жеткізді. 

"Ал гранттық қаржыландыру порталына келетін болсақ, көптеген үкіметтік емес ұйымдар тарапынан оған да сын айтылған болатын. Бұл жұмысты біз өткен жылдың аяғында бастап кеткен болатынбыз. Өздеріңіз біліп отырғандай, портал құру белгілі бір қаржылық шығынды қажет етеді. Өкінішке қарай, өткен жылдың аяғында бұл шығындар қолдау таппаған болатын. Бірақ биылғы бюджет нақтылауына бұл шығындарды тағы енгіздік. Осы жолы мақұлданса, портал құруды жалғастырамыз. Жұмыс басталған, жүріп жатыр, биыл азаматтық бастамаларды қолдау орталығының сатып алуларына арналған портал жұмыс істейтін болады. Оны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс порталымен біріктіруге келетін болсақ,  екі сала екі бөлек заңнамамен реттеледі. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға ел бойынша түрлі деңгейдегі 300-ден астам ұйым атсалысады. Ал гранттар үкіметтік емес ұйымдардың өздерінің бастамалары бойынша дайындалатын жобаларға бағытталған, - деді ол. 

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу