Азаматтық қорғаныс саласының бірыңғай ведомствоаралық радиожелісі іске қосылды

117

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Азаматтық қорғаныс саласының бірыңғай ведомствоаралық радиожелісі іске қосылды Фото: ТЖМ

Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің бірыңғай ведомствоаралық радио желісінде жұмыс басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасында аумақтың едәуір ұзақтылығына байланысты әрбір өңірде УҚТ-радиобайланыс жүйесі дербес қалыптасты. Техникалық шешімдердің бытыраңқылығы, бірыңғай стандарттың болмауы және өңіраралық өзара іс-қимылдың шектеулі мүмкіндіктері, әсіресе төтенше жағдайларда бөлімшелерді басқару тиімділігін айтарлықтай төмендетті.

Байланыстың орнықтылығына, сенімділігіне және жеделдігіне қойылатын өсіп келе жатқан талаптар республикалық деңгейдегі бірыңғай орталықтандырылған УҚТ-радиобайланыс жүйесін құруға негіз болды.

Осы міндетті іске асыру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық ұлан және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының қызметі шеңберінде ведомствоаралық радиожеліні құру қағидаттарын, радиоқамтудың басым аймақтарын айқындауды, инфрақұрылым объектілерін орналастыруды, сондай-ақ басқару тиімділігін және күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын арттыру мақсатында жобаны іске асырудың кезеңділігін қоса алғанда, оны ұйымдастыру мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылды және пысықталды.

Қабылданған шешімдердің қорытындысы бойынша негізгі елді мекендер мен негізгі көлік бағыттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының негізгі бөлігінде радиоқамтуды басым қамтамасыз ете отырып, желіні кезең кезеңмен өрістету көзделген. Жыл бойы базалық станцияларды орнату бойынша монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Қойылған міндетті іске асыру еліміздің барлық өңірлерін бірыңғай радио желісіне біріктіруге мүмкіндік берді және оны одан әрі кеңейту үшін, оның ішінде шалғайдағы аудан орталықтары мен жетуге қиын аумақтарды қамту есебінен жағдай жасады.

Жүйені одан әрі дамыту шеңберінде 2026 жылы облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада тұрақты радиосигналды қамтамасыз ету үшін қосымша базалық станцияларды сатып алу көзделген.

SmartOne диспетчерлік платформасын қолдана отырып, аудандық бөлімшелердің цифрлық ретрансляторларын ірі ауылдық елді мекендерде, шалғайдағы объектілерде, автожолдарда және орман алқаптарында радиобайланысты қамтамасыз ету үшін кейіннен оны ұлғайта отырып, транкингтік желіге біріктіру жоспарланып отыр.

Дамудың келесі маңызды кезеңі транкингтік желілер, 3G/4G/LTE кең жолақты қолжетімділік желілері және Интернет желілері корреспонденттерінің жұмысын бірыңғай коммуникациялық кеңістікте біріктіруге мүмкіндік беретін HyTalk коммутациялық жабдығын пайдалана отырып байланысты ұйымдастыру болады.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы ТМД кеңістігінде бұндай ауқымдағы және аумақтық қамтудағы радио желісін іске асырған алғашқы ел болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу