Әйелі екеуі татуласуына байланысты Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

2183

Әлеуметтік желіде қоғам қайраткері Арман Шораевтың әйелін соққыға жыққан видеосы тараған еді. 

Әйелі екеуі татуласуына байланысты Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Фото: Бейнежазбадан

Бірақ, Шораев аталған істі жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Алғашында Шораевтың үстінен арыз түскен. Кейін екеуі қайта татуласқан.  Полиция департаменті аталған жағдай бойынша қылмыстық іс тоқтатылғанын хабарлады.

"Қылмыстық кодекстің "татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату" бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам жәбірленушімен татуласқан болса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Тараптар өз құқықтарын пайдалана отырып, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы арыз жазды", – делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, қоғам белсендісі Арман Шораевтың елорда көшелерінің бірінде азаматтық некедегі жұбайын ұрып-соққан видеосы тараған еді.

Ол Facebook желісінде "жасанды интеллекттің құрбаны болғанын" және аталмыш ақпаратты таратқан журналиске қарсы арыз түсіретінін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу