Азаптау дерегі бойынша 5 атыраулық полицейдің ісі сотқа жолданды

466

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Азаптау дерегі бойынша 5 атыраулық полицейдің ісі сотқа жолданды Фото: google.com

Атырауда азаптау дерегі бойынша бес полицейдің ісі сотқа жіберілді, деп жазады inbusiness.kz. 

"21 маусым күні Атырау облыстық прокуратурасы азаптаулар жасады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады (Қылмыстық Кодекстің 146-бабы 2-бөлім 1-тармақ)", - делінген хабарламада.

Облыстық прокуратураның ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшылары биылғы ақпанда азамат Р.-ға қылмысты мойындату мақсатында жауап алудың заңсыз әдістерін қолданып, оған психикалық және физикалық залал келтірді деп күдіктеліп отыр. 

Айта кету керек, билығы қаңтардан бастап азаптаулар бойынша қылмысты прокуратура органдары ғана тергейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу