Азаптау фактісі бойынша 17 адам сотталды – Бас прокуратура

530

Қадағалау және ден қою актілері бойынша мемлекетке 10 млрд теңге өтелді. 

Азаптау фактісі бойынша 17 адам сотталды – Бас прокуратура Фото: Inbusiness.kz

Бас прокурор Берік Асылов биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындыларына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Азаптау фактілері бойынша күштік құрылымдардың 35 қызметкеріне қатысты іс сотқа жіберілді. 17 адам сотталды", - деді Бас прокурор.

Оның сөзінше, бұдан бөлек 37 млрд теңгеге мүлік, 400 мың гектар жер қайтарылды.

"11 мың адам түрлі жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде әкімдіктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері де бар. Сотқа дейінгі 116 тергеп-тексеру басталды, 65 адам сотталды. 1,3 млрд теңгеден астам сомаға жалақы берешегі өндірілді. Атап айтқанда, "Таза талас" МКК, "Тараз Құрылыс Инвест" ЖШС, "КЭМОНТ" АҚ, "Қазстройтрейд" ЖШС және т.б. бар", - деді ол.

Берік Асылов прокурорлардың қатысуымен бірқатар еңбек даулары шешімін тапқанын жеткізді. Оның ішінде Маңғыстау облысының "БерАли" ЖШС ұжымын жұмыс орындарымен қамту мәселесі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу