Ұлттық статистика бюросы Қазақстанға қай елдер гүл импорттайтынын хабарлады.
Былтырғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстан жалпы сомасы 93,5 млн АҚШ долларына 12,3 мың тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттады.
Салыстырып өтсек, 2023 жылы гүл импорты ақшалай мәнде 61,2 млн долларды құраған (8,2 мың тонна).
2024 жылы гүлдердің ең ірі жеткізушілері:
- Эквадор – 6,4 мың тонна,
- Нидерланды – 2,3 мың тонна,
- Қытай – 1,1 мың тонна,
- Колумбия – 978 тонна,
- Кения – 975 тонна.
Айта кетері, аталған кезеңде Қазақстан ТМД елдеріне гүл шоқтарын жасауға арналған 1,5 мың тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін экспорттаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу