Қазақстан мен Корея картоп тұқымын өндіру саласын дамыту үшін күш біріктіруде

114

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті.

Қазақстан мен Корея картоп тұқымын өндіру саласын дамыту үшін күш біріктіруде Фото: АШМ

"Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Оңтүстік Кореяның VITROSYS INCORPORATION компаниясы Қазақстанда картоптың тұқымдық түрін өндірудің заманауи жүйесін қалыптастыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Компания президенті Сон Сонг Хо және ғылыми институт өкілдерімен өткен кездесуде жобаны іске асырудың негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды.

Олардың қатарында in vitro әдісі арқылы вируссыз отырғызу материалын өндіру, биореакторларды пайдалана отырып картопты микроклондық көбейту технологиясын енгізу, шағын түйнектерді (G0) және G1-G3 буындағы тұқымдық картопты өндіруді дамыту, зертхана мен жылыжай инфрақұрылымын жаңғырту, отандық мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстанның тұқымдық картоп импортына тәуелділігін азайтып, аграрлық саланың ғылыми-технологиялық әлеуетін нығайтуға әрі шаруаларды жоғары сапалы тұқымдық материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу