Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

154

Жерасты дүмпуі бірнеше елдімекенде сезілген.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді Фото: zakon.kz

25 шілдеге қараған түні, Астана уақыты бойынша сағат 02:40-та Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы маңында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Қырғызстан аумағында, Жалал-Абад қаласынан солтүстік-батысқа қарай 38 шақырым жерде орналасқан.

"Жерасты дүмпулері бірнеше елді мекенде сезілген. Массы қаласы мен Қара-Бұлақ ауылында сілкініс шамамен 4 баллды, Кочкор-Ата мен Гелеген ауылында 3,5 баллды, ал Майлуу-Суу қаласында шамамен 3 баллды құраған", – деп жазылған хабарламада. 

Қазіргі уақытта қираулар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 

Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілуі тіркелмеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу