Елімізде бірде-бір түрме халықаралық стандартқа сай емес

1907

Бақылаушы орган Заречный колониясындағы қамаудағыларды азаптау оқиғасынан кейін тексерулер жүргізген.

Елімізде бірде-бір түрме халықаралық стандартқа сай емес

Қазақстанда бірде-бір түрме халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді. Еліміздің бас прокуратурасы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

­­Бақылаушы орган Заречный колониясындағы қамаудағыларды азаптау оқиғасынан кейін тексерулер жүргізген. Тексерушілер қамау орындарында 2,5 мың тәртіп бұзушылықты анықтаған. Сонымен қатар антисанитарлық жағдай, сотталғандарға қарсы қатыгездік қарым-қатынасқа бару секілді мазмұнда 28 шағым түскен.

Прокуратураның мәліметінше, елімізде шағын сарай үлгісіндегі түрмелер де бар. Оларда 40-тан 80-ге дейін адам отыр.  Оларды бақылауды арнайы іріктеліп алынған белсенділер жүргізіп келген. Аталған заңсыздықтар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу