"Қазгидромет" 28 қыркүйекке Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы облысы мен Алматы қаласында 28-29 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы облысының шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Астанада 28 қыркүйекке қараған түні топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте 28 қыркүйекте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде осы аудандарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысының шығысы мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Кей аудандарда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Абай облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғып, солтүстігі мен оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың батысы мен орталығында 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Желдің екпіні кей аудандарда 15-20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік болады. Күндіз оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа райы, ұсік, жаңбыр, жел
Атырау облысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с болады. Бірқатар ауданда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында дауыл мен шаңды дауыл болады. Желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысы, солтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысының солтүстік-батысы мен таулы аудандарында түнде, ал таулы аудандарында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с болады. 28-30 қыркүйекте облыста төтенше өрт қаупі сақталады.