Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді

220

Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.

Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталды. Оған 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты. Білім додасында біздің оқушыларымыз жалпы командалық үшінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.

Алтын: Жан Даутов — Қостанай қаласындағы "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

Күміс: Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы; Мирон Юркевич — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы; Марғұлан Шарел — Тараз қаласындағы "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

Қола: Тимур Мұрат — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы; Әмір Сахипов – Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы.

Жетекшілері - PhD докторы, профессор, KBTU-нің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылханов.

Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы - биылғы жылдың 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу